Mineral Product International

Екібастұз қаласында Ферроқорытпа зауытының құрылысы бойынша жобаны іске асырады

толығырақ
Өндірілетін өнім −ферросилиций 75 (FeSi-75)
2026 жылы пайдалануға беріледі

Жоба туралы

Жоба технологиялық серіктес Оңтүстік Кореяның SAC компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. SAC компаниясы ферроқорытпа өнеркәсібінде үлкен тәжірибесі бар және өзін осы салада көшбасшы ретінде көрсетті.

Серіктестіктердің ферроқорытпаларды өндіру бойынша әлемдік нарықта өнеркәсіптік нысандарды енгізудегі бай тәжірибесі бізге сапа мен өндіріс қауіпсіздігінің барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келетін табысты жобаны жүзеге асыруға сенімді болуға мүмкіндік береді.

Жоғары технологиялық өндірістік процестерді қолданудың арқасында жоба өндірісті ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесінде қолданылатын ең жоғары экологиялық талаптарға жауап береді.

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ

Ең жоғары халықаралық экологиялық талаптарға және өнім сапасы стандарттарына сәйкес келетін, өнімділік деңгейі жоғары озық технологияларды қолдану арқылы заманауи өндіріс құру.

ЖОБАНЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

160 000
тонна

Өндіріс кешенінде әрқайсысының қуаты 33 МВА болатын 8 пеш орнату жоспарланған

 

800
жұмыс орны

Жоба 800-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл халықты жұмыспен қамтуды және өңірдің әлеуметтік-экономикалық құрамдас бөлігін арттыруға ықпалын тигізеді.

 

100%
пайыз

Зауыт халықаралық экологиялық талаптарға сәйкес жобаланған.

 

2026
жыл

Ферроқорытпа зауыты Павлодар облысының Екібастұз қаласында, ГРЭС−1 аймағында орналасады. Бірінші кезегінің пайдалануға берілуі 2026 жылға жоспарланған.

 

FeSi-75
ферросилиций

Негізгі өндірілетін өнімдер - ферросилиций-75. Пештің технологиялық ерекшелігі ферромарганец (FeMn) және силикомарганец (SiMn) сияқты ферроқорытпалардың әртүрлі түрлерін өндіруге мүмкіндік береді. 

 

Жобаның артықшылықтары

Жоғарытехнологиялық өндіріс
Озық технологиялар трансферті

Зауыт саланың заманауи трендтерін ескере отырып жасалған. Автоматтандырудың, өнімділіктің және қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен ерекшеленеді.

 

Әлеуметтік әсері

Металлургия саласында құзыреті жоғары жаңа жұмыс орындарын ашу өңірдегі әлеуметтік – экономикалық тұрақтылықты арттыруға және моноқалаларды дамыту бағдарламаларын қолдауға бағытталған.

 

Экспорттық потенциалды арттыру

Зауытты іске қосу Қазақстан Республикасының экспорттық потенциалын арттырады. Негізгі сату нарықтары Оңтүстік Корея, Солтүстік Америка, Жапония және Еуропа елдері.

 

Мемлекеттік қолдау

Ферроқорытпа зауытын салу жобасы өнеркәсібті дамытудың мемлекеттік стратегиясына сәйкес келеді және қайта өңдеу саласындағы өндіріс көлемін едәуір арттырады.

 

СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ

Ынтымақтастығымызды мақтан тұтамыз
Мекен-жайы
Астана қ.
Телефон
Жұмыс кестесі
Дс-Жм: 9:00 бастап 18:30 дейін Сб-Жс: демалыс